Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин кездеседі
Фото: Риа
Қазақстан мен Ресей президенттері Көкшетауда онлайн режимінде өтетін екі елдің өңіраралық ынтымақтастығының XVII форумына қатысады. Ақпаратты Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
– 30 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Көкшетау қаласында онлайн-форматта өтетін екі ел арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Форум аясында мемлекеттер басшыларының онлайн-форматтағы кездесуі жоспарланған. Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағыттары талқыланбақ, - деп жазды Берік Уәли.
Форум биыл «Экология және «жасыл экономикалық» өсім салаларындағы ынтымақтастық» тақырыбы аясында өтеді. Іс-шара – екі мемлекеттің өңірлері арасындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттарын талқылау, екіжақты қатынастарды нығайту, іскерлік топтардың байланыстарын және мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынастарын жандандыру үшін тиімді алаң.
Жиынға қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын басқаруға, климаттың өзгеруі мен көміртегінен арылуға, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға қатысты мәселелерді талқылайды. Форум қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық