Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін айрықша мерейлі әрі маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, қастерлі Тәуелсіздігіміздің рәміздері қабылданғанына дәл бүгін 30 жыл толып отыр.
– Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Ту халқымыз үшін қашанда ерлік пен елдіктің символы саналған. Көк түріктер заманында бабаларымыз бөрілі байрақтың төңірегіне топтасты. Қазақ хандығының туы бүкіл ұлтты ұйыстырды, ел бірлігін бекемдеді. Ал, өткен ғасырда арыстарымыз «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп халыққа жігер берді. Көне дәуірден мирас болған осы дәстүр ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге жетті. Қазақ елінің көгінде Ұлы даланың айбынын асырған Тәуелсіздік туы желбіреді. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады. Өйткені, бұл – бабаларымыздың орындалған арманы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент еліміздің басты құндылықтарын құрметтеу – бәріміздің перзенттік парызымыз екеніне назар аударып, оған немқұрайлы қарайтындарға, қадір-қасиетін түсіретіндерге біржола тосқауыл қою қажеттігін айтты.
– Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі жөніндегі заңнаманы күшейту маңызды. Сонымен бірге, жастармен жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізген жөн. Бұл – бүкіл қоғамның міндеті. Осы орайда, бүгінгі салтанатты іс-шараның тәрбиелік мәні өте зор. Ту көтеру – аса маңызды оқиғаларға орай жасалатын ерекше рәсім. Халқымыз тарихи таңдауын жасайтын сәтте алып байрағымыздың көкте желбіреуін жақсы ырымға балаймыз, – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сөйлеген сөзінде мемлекеттік рәміздер елдігіміздің жарқын көрінісі, халқымыздың мақтанышы және абыройы екенін атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстанның Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны ұлтымыздың азаттыққа, өркендеуге және жасампаздыққа деген табанды ұмтылысын білдіреді. Сонымен қатар баршамызды мызғымас бірлікке ұйыстырып, әрбір азаматты Отан үшін күнделікті қажырлы еңбек етуге және үлкен жетістіктерге үндейді.
– Көк туымызды салтанатты түрде көтеріп, ата-бабамыздың даңқты дәстүрін жалғастырамыз. Желбіреген туымыз Тәуелсіздік мұраттарына адал болуға шақырып, ерекше жігер береді. Жаһандық экономикада өршіп келе жатқан сын-қатерлер мен бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс жағдайында біз мемлекеттілігімізді нығайту үшін күш-қуатымызды еселей түсуіміз керек. Мемлекеттік рәміздерімізді мазақ етуге, қорлауға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Мұндай әрекеттерге барғандарды қатаң жазалаған жөн. Біртұтас халық ретінде ұйыса отырып, біз кез келген қиындықты бірге жеңіп, әділетті, тиімді мемлекет құра аламыз, – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, бас байрағымызды көтерген сәтте ең үздік курсанттарға әскери шен тапсыру игі дәстүрге айналғанын атап өтті.
– Сіздер Қарулы Күштеріміздің 30 жылдығында офицер атанғалы тұрсыздар. Бұл – үлкен абырой, зор жауапкершілік. Сондықтан осы мәртебеге лайық болып, көпшілікке үлгі-өнеге көрсетулеріңіз керек. Туған елдің тыныштығы мен тұтастығын қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Тәуелсіздік туын биік ұстау – Отан күзетінде тұрған әрбір ұланның абыройлы міндеті. Ерлік істер осындай патриоттық сезімнен бастау алады. Сіздер ел үмітін ақтайсыздар деп сенемін. Әскери шендеріңіз құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін! – деді Мемлекет басшысы.

Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орнының 12 үздік түлегі Қазақстан президенті – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицер погонын алды.
Ту көтеру рәсіміне сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, премьер-министр Әлихан Смайылов, мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, мемлекеттік органдар басшылары, үкімет мүшелері, парламент депутаттары, мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия мүшелері, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.
Жаңалықтар
- Гонконг әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады
- Бишімбаев ісімен танылған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті
- 200 жер телімі алынады: Үлкен Алматы айналма жолына алты жолақты магистраль қосылады
- Қонақүйдегі жанжал: Қайрат Нұртас қыз зорлады деген ақпарат расталмады
- 15 жастағы қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатты
- ӘЧ-2026: Испания құрамасы Бельгияны жеңіп өз рекордын жаңартты
- Джеки Чан «Құдыретті сауыт: Ультиматум» фильмі түсірілімі алдында Қазақстандық банктің клиенті атанды
- BaiQymyz-2026: Астанадағы фестивальде қонақтарға 56 тонна қымыз құйылады
- «Мың зымыранды Иранға бағыттаймын»: Трамп ультиматум қойып, тағы қорқытты
- Тоқаев Трамппен экономика мен қауіпсіздік мәселелерін талқылап, оны Қазақстанға шақырды
- Астанада төрт адамды балталап өлтірді деп айыпталған адамға мәжбүрлі ем тағайындалды
- Үш министрліктің бұйрығы: Қазақстан көші-қон саясатын қатаңдатады
- Ақтөбеде мерзімді қызметтегі сарбазды ұрған сержант сотталды
- «Әділет» партиясы сайлауалды бағдарламасы мен кандидаттар тізімін бекітті
- Қостанайда пойыз вагонына шыққан жасөспірім тоққа түсіп, ауыр күйік алды
- Астанада мешітте намаз оқып жатқан ер адамның телефонын ұрлап кеткен
- Төрт күдікті ұсталды: Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында көлік жуатын орында атыс болды
- Ақтөбе облысының Байғанин ауданында төтенше жағдай жарияланды
- Түркияда 18 жастағы қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты: СІМ мәлімдеме жасады
- Ердоған Анкарадағы НАТО саммитінен кейін Еуропа көшбасшыларына арнаулы тапанша сыйлады