Қасым-Жомарт Тоқаев екі облыстың әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау және Қызылорда облыстарының әкімдерімен өңірлердегі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-экономикалық ахуалды телефон арқылы талқылады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәліметінше, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов Президентке COVID-19 індетіне қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде, халыққа екпе егу және малды жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндады.
Мемлекет басшысы облыс тұрғындарына екпе салу қарқынын арттыру жөніндегі жұмыстарды күшейтуді, сондай-ақ, еңбек дауларын реттеу және болдырмау, өндіріс орындары мен мұнай кәсіпорындарына қызмет көрсететін мекеме жұмысшыларына әлеуметтік қолайлы жағдайды қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар Президент Үкіметке әкімдікпен бірлесіп қуаңшылық салдарына және жайылымдық жерлердегі шөптің тапшылығына байланысты қалыптасқан жағдай бойынша фермерлер мен ауыл тұрғындарын қолдау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысына коронавирус індетімен күресте жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Өңірдегі вакцина салдыруға тиісті тұрғындардың 52 пайызы екпе алған.
Сонымен қатар облыс әкімі аймақтағы су шаруашылығына қатысты жағдайды да баяндады. Бүгінде Сырдария өзені арқылы облысқа секундына 550 текше метр су келуде. Шаруашылық субъектілеріне су беру кезегі мен оның көлемін анықтайтын жұмыс комиссиясы құрылды.
Облыс әкімінің айтуынша, Арал ауданында 12 шілдеде төтенше жағдай жарияланған. Осыған байланысты Үкімет резервінен және облыстық бюджеттен жем-шөп субсидиясына, сондай-ақ, су арналарын тазартуға және ұңғымалар қазуға қаржы бөлу туралы шешім қабылданған.
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкіміне халықты вакциналауға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, мұнай-газ саласындағы проблемаларды шешу үшін кешенді амал қарастыруды, сондай-ақ, Қызылорда облысына қарасты аудандардағы зардап шеккен шаруашылық субъектілеріне жем-шөп дайындауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық