Асылжан Мамытбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың жүйесіне баға берді
Коллаж Orda.kz
2011-2016 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған экс-министр Асылжан Мамытбеков тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүйесіне баға берді.
Ол «Сұрауы бар» бағдарламасына берген сұхбатында жеке банк пен компания арасында бюджет ақшасын жымқырмақ болғандардың жолын қалай кескенін еске алды.
Мамытбековтың айтуынша, Назарбаев заңға қайшы келетін тапсырмалар бермеген. Керісінше жауапты министрлікті реттеуді тапсырған.
– Бұрынғы президент болған соң оған баға беру маған ыңғайсыз. Өйткені мен сол жүйеде істеген адаммын. Бірақ ол жүйенің бәрі дұрыс емес деп айта алмаймын. Маған заңсыз бір шараларды істе, біреуге заңсыз көмек беру деген тапсырмалар берілген емес. Керісінше Елбасы бұл салада тәртіп орнат, жағдай жаса дейтін. Кейде сын айтушылар көбейіп жатқанда ол сұрайтын мен түсіндіретінмін. «Мынадай заң өткізіп жатырмын, оның артында мына нақты адамдардың мүдделері тұр. Олар, әрине қарсы шығады. Парламент деңгейінде де қарсылық шығарады» деп. Ал ол: «Тұрса тұрсын, дұрыс жұмыс істей бер деп нұсқау беретін,- дейді Асылжан Мамытбеков.
Сонымен қатар, экс-министр Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы шыққан кездерін де баяндады.
– Сіз естіген бәлкім теледидардан да көрген шығарсыз, мен үлкен жиналыстарда да Елбасына: «Бұны жасау дұрыс емес, болмайды» деп қарсы шығатынмын. Мұндайды айтатын адамдар санаулы ғана болды. Ойымды ешқандай бүкпесіз айтатынмын. Үлкен деңгейдегі көкелеріміз бен ағаларымыз: «Сен қалай қарсы шыға аласың? Біз ондайды айта алмаймыз» деп менің әрекетіме таңқалатын,- дейді экс-министр.
Ол өзінің қарсылығының арқасында жеке банк пен компания арасында бюджет ақшасын жымқырмақ болғандардың жымысқы әрекеті орындалмай қалғанын айтты.
– Кезінде Бірыңғай астық корпорациясын құру үшін бір кісілер анонимді түрде Елбасына хат жазған. Бүкіл банктерден астық холдингтерінің міндеттемелерін сатып алу мақсатында. Оған бюджеттен ақша бөлгізбек. 2 млрд доллардан астам қаражат. Мен бұл дұрыс емес деп айттым. Үкімет атынан біз қарсы хат жаздық. Енді ана хаттың да лоббилары бар ғой. Үлкен жиында протоколға «Неге менің тапсырмам орындалмады» дегенді дайындаған. Президент мән-жайды түсінген соң сенікі дұрыс деді. Аноним хат жазғанның кім екенін мен білмеймін. Неге жеке компания мен жеке банк арасына бюджет ақшамен кіруі керек?- деді Мамытбеков.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық