«Асықпаңдар»: Путин талибандарға қатысты даулы мәлімдеме жасады
Фото: РБК
Владимир Путин Талибанмен (Қазақстан аумағында тыйым салынған ұйым) қарым-қатынас жасау керектігін түсінетінін, бірақ бұған асықпау керектігін айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
– Әрине, мен алаңдаушылық білдірген әріптестеріммен келісемін, бұл Ауғанстандағы жағдай. Ол Орталық Азия мен бүкіл ТМД кеңістігі үшін қауіп төндіреді. Жағдай ең алдымен, терроризмге және есірткіге қарсы күрес саласындағы бірлескен әрекеттерді күшейтуді талап етеді, - деді Путин ТМД кеңесі отырысында.
Ол экстремистік және террористік ұйымдардың шекараға жақын шоғырланғанын айтты: ДАИШ, Өзбекстан ислам қозғалысы, Әл-Каида, Ансарулла.
Ресей Федерациясы басшысының айтуынша, Ауғанстанның солтүстігінде тек ДАИШ мүшелерінің саны 2 мыңға жуық адамнан тұрады.
– Террористер босқындар атын жамылып, сенімге кіруге тырысады. Талибан құрған үкімет ауған қоғамының барлық палитрасын көрсетпейді. Бұл ретте жалпыхалықтық сайлау өткізу ниеті жарияланды, мемлекеттік басқарудың қалыпты жұмысын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануда. ТМД шеңберінде біз бұл уәделердің іспен расталғанын бақылаймыз. Қазақстан Президентімен келісемін, Талибанды ресми түрде мойындауға асығудың қажеті жоқ. Біз олармен қарым-қатынас жасау керектігін түсінеміз, бірақ бұған да асықпау керек, - деді Путин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық