Астық кептіру үшін шаруаларға 67 мың тонна дизель отыны қажет
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сұйытылған газдың қосымша көлемі де қажет. Бұл туралы Orda.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алты облыстың – Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Павлодар облыстарының шаруалары кептіру қондырғыларына қосымша 67,7 мың тонна дизельдік отын мен 21,5 мың тонна сұйытылған газ бөлуге 495 өтінім берді.
Бұл туралы Үкіметте 29 тамызда Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен күзгі дала жұмыстарын жүргізу мәселелері жөніндегі жедел штабтың екінші отырысында белгілі болды, онда астық жинау науқанының ахуалы талқыланды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов атап өткендей, өңірлерде барлығы 1301 астық кептіру қондырғысы бар, оның 1043-і (80%) дизельдік отынмен, 258-і (20%) сұйытылған газбен жұмыс істейді.
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Энергетика министрлігіне басымдық ретінде өңірлерді дизельдік отынмен және астықты кептіру үшін сұйытылған газбен қамтамасыз етуді тапсырды.
Қазірдің өзінде «ҚазАгроҚаржы» шаруа қожалықтарына кептіргіш агрегаторларды лизингке беру бойынша қажетті шараларды қолға алды. Бірақ оларға әлі өтініш түскен жоқ», деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Негізгі астық жинау күз бойына созылатынын ескере отырып, өтінімдер уақытылы берілсе, кептіру қондырғылары орақ науқаны қызған шағында тұтынушыларға жетіп үлгереді, деп сендірді ведомство.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық