Астық тасымалдаушылар ресейлік бидайдан бас тартқан ҚТЖ-ға шағымдануда
Еldala.kz
Ресейлік бидайдың теміржол арқылы әкелінуіне шектеу қою туралы бұйрық 11 қазаннан бастап күшіне енеді. Бірақ, саудагерлер бұған шағымдануда, ұлттық тасымалдаушы қазірдің өзінде қосымша құжаттарды талап етіп жатыр.
Еldala-ның айтуынша, саудагерлер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетіне әлі күшіне енбеген тапсырмасын орындауға тым құлшыныспен кіріскен ұлттық тасымалдаушының үстінен жазбаша шағымданған.
«Қауымдастық мүшелерінің қызметіне мониторинг жүргізу және келіп түскен өтініштер нәтижесінде аталған шектеулерді қолдану фактілері, сондай-ақ бидайдың Қазақстан аумағына импортын (кіргізу) тіркеуге қатысты талап қою фактілері анықталды. Атап айтқанда, ҚТЖ – ММ-12 құрылымдық бөлімшесі лицензиясы бар элеваторлар туралы ақпаратты көрсетпей, тамыз және қыркүйек айларында вагондар жоспарын келіспейді» делінген хатта.
Хатта «KazGrain» экспорттаушылар ұлттық қауымдастығының төрағасы Зейнолла Әбдуманапов шенеуніктерден осы әрекеттерді түсіндіріп, бизнес мүддесін қорғауды қамтамасыз етуді сұрайды.
Еске салайық, биыл сәуірде Қазақстан контрабандамен күресу үшін ресейлік бидайдың автокөлікпен жеткізілуіне алты айға тыйым салған болатын. Кейінірек ол тағы алты айға, 2024 жылдың сәуіріне дейін ұзартылды.
Сондай-ақ теміржол арқылы жеткізуге шектеулер енгізілді - 2023 жылдың 11 қазанынан бастап олар тек ұн тартатын зауыттарға, құс фабрикаларына және лицензиясы бар элеваторларға ғана рұқсат етіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық