Қастеев мұражайына жөн-жозықсыз айыппұл салынды
Фото: 2ГИС
Қастеев мұражайының маңында жақында су жаңа тұрғын үй салынды. Тұрғындардың келгені кеше, бірақ олар «мұражайдың кондиционері қатты шулайды» деп шағым түсірді. Мұрайжайдағылар өнер нысандарын сақтау үшін суық қажет дейді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына 670 мың теңге айыппұл салынды. Мәдени нысанның кондиционерлері санитарлық эпидемиологтарға шағымданған жақын маңдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындарына түнде ұйқы бермейді.
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік мұражай - еліміздің бірегей мәдени нысаны. Мұнда 25 мыңнан астам экспонаттар жинақталған. Көрмеде келушілер әйгілі суретшілердің 16 ғасырдан бастап жасаған жұмыстарын көре алады. Тек өткен аптадан бастап музей қызметкерлері есеңгіреп қалды. 45 жыл бойы тұрған тарихи орынның қасында жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің тұрғындары шулы кондиционерлерге шағымданды. Нәтижесінде санитарлық-эпидемиологтар келіп, нысанға 670 мың теңгеге айыппұл салды. Сонымен қатар, мұражай 30 күнде шудан арылулары керек.
Мұражай қызметкерлері кондиционерлер біреудің қалауымен емес, қажеттілікке байланысты орнатылғандығын алға тартып отыр.
– Бұл кез-келген музей үшін міндетті, өйткені залдағы температура 18-20 градус болуы керек, - деп түсіндіреді Қастеев мұражайы директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Светлана Кобжанова.
Яғни, кондиционерлер баға жетпес коллекцияларды сақтауға көмектеседі. Оларсыз нысандар бүлінеді. Сонымен қатар, мұражай қызметкерлері үй тұрғызылғанға дейін оның құрылысына қарсы болған. Олар мұражайға тым жақын салынған.
Бұл арада қала құрылысы бөлімі тұрғын үй кешені барлық талаптарға сай салынғанын айтты. Музей не істерін білмей отыр. Өйткені, кондиционерлер өшсе, он мың экспонатқа қауіп төнеді. Оның көбі өте құнды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық