Қастандық жасалған Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қайтыс болды

cover

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ бүгін таңертең жасалған қастандықтан кейін қайтыс болды.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ Нара қаласындағы қастандық кезінде алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды.

Еске салайық, таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ елдің батысындағы Нара қаласында көпшілік алдында сөз сөйлеу кезінде шабуылға ұшырап, ауыр жарақат алған болатын.

Кейін билік Жапонияның бұрынғы премьер-министріне шабуыл жасаған адамның кім екенін анықтады.

Синдзо Абэ саяси әлемге танымал отбасынан шыққан. Оның нағашы атасы Нобусуке Киши, Жапонияның бұрынғы премьер-министрі. Әкесі – Абе Шинтаро бұрын елдің сыртқы істер министрі қызметін атқарған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар