Астананың «Big Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді
Фото: ҚР ТЖМ
Өрт базар аумағында 30 113 шаршы метрге жайылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«Сөндіру жұмыстары өрттің тез таралуы, жанғыш материалдардың көптігі, қатты түтін, жоғары температура, сауда павильондарының тығыз салынуы және ошақтарға қолжетімділіктің шектеулігімен қиын болды. Өрт жақын маңдағы ғимараттарға таралмады — оны базар аумағында оқшаулап үлгердік», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Өрт 18 шілде күні таңғы уақытта Алаш тас жолында орналасқан базарда тұтанған. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер сауда үйінің терезелерінен қою түтін шығып жатқанын өздері байқаған.

Оқиға орнына алғашқы бөлімшелер жеткен кезде ғимараттың шатыры жартылай опырылып түскен еді.
«Өртті сөндіру жұмыстары жоғары өрт жүктемесі мен қатты түтін әсерінен қиынға соқты. Сағат 07:10-да өрт оқшауланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ» деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Өртті сөндіруге 165 адам мен 62 техника қатыстырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өртті сөндіру кезінде үш өрт сөндіруші жарақат алған. Оның біреуі ауруханаға жатқызылды, екеуі алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық