Астаналық мектеп оқушылары бірнеше күнге қашықтан оқытуға ауыстырылады
Еліміздің бас қаласының мектеп оқушылары екі күнге – 13 және 14 қазанда қашықтан оқытуға көшеді. Оның себебін елорданың білім басқармасы бұл күндері Астанада халықаралық саммит өтетіндігімен түсіндреді.
Ведомство 13-14 қазанда Астанада мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен өтетін халықаралық форумдарға байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелетінін хабарлады. Бұл тәжірибенің көптеген елдерде осындай ірі шаралар кезінде қолданылатыны баса айтылады.
«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мектеп оқушылары мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін 13-14 қазанда қала мектептерінде меншік түріне қарамастан, сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады» делінген ведомство хабарламасында.
Қыста қатты аяз бен ауа райының қолайсыздығынан сабақтар көбінесе қашықтан өткізілетіндіктен, оқушылар үшін қашықтықтан оқыту форматы ерекше тосынсый емес екені атап өтілді.
«Барлық елордалық мектептер мұндай сабақтарды өткізуге арналған компьютерлермен қамтамасыз етілген» деп қорытындылады ведомство.
Бұған дейін Ақорда алдағы аптада Астанада Тоқаевтың қатысуымен бірнеше ірі іс-шара өтетінін хабарлаған болатын. Атап айтқанда, Түркия мен Түрікменстан президенттерінің сапары, ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы, Орталық Азия-Ресей саммиті және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) VI саммиті күтілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық