«Астанаға жаяу барамын»: Қаңтар құрбанының жесірін біреулер кері қайтарды
Фото: Бейнеден кадр / Qazaq times / Қойшыбек Мүбарак
Алматы тұрғыны Шапағат Қадырова – 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза болған Әкімжан Бектұрғанның жесірі. 8 желтоқсанда әділдік талап ету үшін Алматыдан Астанаға жаяу жолға шыққанын айтқан. Алайда жолда біреулер көлікке отырғызып оны Алматыға қайта әкеліп тастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол Qazaq Times тілшісіне берген сұхбатында төрт жылдан бері күйеуін атқан адамды анықтай алмай жүргенін, барлық мемлекеттік органдардың есігін тоздырғанын айтты.
«Әділдік іздеп шаршадым. «Кім атты?» деп сұрасақ, «әскерилер атқан» дейді. "Президенттің бұйрығы талқыланбайды" деп жауап береді. Сонда күйеуімнің өлімі үшін жауап беретін адам жоқ па? Үш балам әкесін сұрайды. Күйеуімді атқан адамды тауып берсін», – деді ол.
Жолға қаражаты болмағандықтан, Астанаға жаяу шыққан Қадырованы тасжолда жолай кезіккен бір жүргізуші көлігіне отырғызған. Алайда ол әйелді қайтадан Алматыға алып кеткен.
Шапағат Қадырова «Астанаға енді автобуспен барамын» деген еді. Бірақ сейсенбі күні кешке оған Алматы қаласы әкімдігі хабарласып, шағымы бойынша сөйлесуге шақырған.
Ол енді қала әкімдігі қандай жауап беретініне мән бергісі келетінін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық