Астанадағы Sabis мектебінің ашылу мерзімі белгілі болды
Бұған дейін жалпы инвестиция көлемі 19 миллиард теңге болатын Sabis мектебінің құрылысын биыл аяқтау жоспарланған болатын.
Астанада Sabis халықаралық білім беру брендінің алғашқы мектебі 2024-2025 жылдары ашылады.
Бұл жобаның инвесторы – Emirates Kazakhstan Education Investment Group. Мектеп құрылысын бастау туралы келісімге әкімдік, «Kazakh Invest» компаниясы, БАӘ елшілігі және Neft БК өкілдерінің қатысуымен қол қойылды.
Астанадағы Sabis мектебі тоғыз гектар аумақта орналасып, үш мыңнан астам оқушыны қабылдай алады. Кампуста жеке балабақша ғимараты, кітапхана, театр, жабық жартылай олимпиадалық бассейн, заманауи жабдықталған спорт залы, баскетбол алаңы, ғылыми зертханалар және т.б. болады.
Sabis Қазақстандағы жергілікті және шетелдік студенттерге халықаралық бағдарлама ұсынбақ. Бұл ретте мектеп үштілді болады: оқушылар міндетті түрде ағылшын тілінде білім алумен қатар қазақ және орыс тілдерін де зерттей алады.
Бұған дейін жалпы инвестиция көлемі 19 млрд теңге болатын Sabis мектебінің құрылысын биыл аяқтау жоспарланған болатын, алайда елорда прокуратурасының мәліметінше, уәкілетті орган ұзақ уақыт бойы осы инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қажетті су қорғау жүйесін құруға рұқсат бермеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық