Астанадағы өрттен 3 адам мерт болды: Жатақхана иесі сотталды
Фото: freepik.com
Былтыр Астанадағы жатақханалардың бірінде шыққан өрттен 3 адам қаза тапты. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, 2024 жылғы маусымда Астанадағы жатақханада өрт шықты. Өрт салдарынан үш адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.
Тергеу ҚР қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі «Екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша жүргізілді.
Тергеу материалдарына сәйкес, жатақхана иесі қажетті құжаттарды рәсімдемей бөлмелерді заңсыз беріп отырған. Өрт қауіпсіздігі талаптары туралы түсіндірме жүргізетін қызметкерлердің талаптарына құлақ аспаған. Сонымен қатар ғимаратта өрттен қорғау құралдары болмаған.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен жатақхана иесі кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық