Астанадағы LRT жобасын қаржыландырған Қытай мемлекеттік банкінің топ-менеджерлері тергеуге ілінді
Фото: Associated Press
Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік даму банкінің топ-менеджерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін тергеуге алынды. Қытайлық қаржы институты атышулы Астана жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасын қаржыландыруға қаржы бөлген, деп хабарлайды Orda.kz.
Қытай прокурорлары Қытай мемлекеттік даму банкінің бұрынғы вице-президенттері Ли Цзипин, Ван Юншэн және Чжоу Цинюге сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағып отыр.
Чжоу Циню пара алды деген күдікке ілініп, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура оның қызметтік бабын және жеке ықпалын асыра пайдаланып, үшінші тұлғаларға несие алу мен қаржыландыруға, келісім-шарт жасасуға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға көмектескенін хабарлады. Бұл үшін Циню ерекше үлкен көлемде материалдық сыйақы алған.
Ли Цзипин де сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу нысанына айналды. Ол ооңғы сегіз жылдан бері зейнеткер, дегенмен тәртіп пен заңды өрескел бұзды деген күдікке ілінді.
Банктің үшінші вице-президенті Ван Юншенге сыйлық алу және жеке сектор иелері ұйымдастырған банкеттер, турлар мен гольф ойындарына қатысу арқылы ережелерді бұзды деген айып тағылды. Сонымен қатар, Юншен қаржы институттарының қызметкерлерін жұмысқа қабылдауға араласып, компанияның бағалы қағаздарын заңсыз иемденіп, билікті жеке пайдасына қолданған.
Сыбайлас жемқорлық ескерткіші
Ресми түрде LRT құрылысы 2011 жылы басталды. Жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан билігі Қытайдың мемлекеттік даму банкінен 1,8 миллиард доллар тартқысы келген. Бірақ «Астана LRT» ЖШС құрылысқа бөлінген 344 миллион доллар ғана алған.

Қазақстанның сол кездегі премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қытайдан инвестиция тарту туралы келіссөздерге барды. Белгісіз себептермен ол ынтымақтастық шартына келісім алды, бірақ ҚХР қаржы органдары басқа елдерге несие берудің негізгі ережелерінің бірін іс жүзінде бұзды - олар Қытайдағы ақша айналымын сақтамаған. Қытай банкінің топ-менеджерлерінің қудалануына осы жағдай себеп болса керек.
Ақша 2018 жылы лицензиясынан айырылған Астана банкіне аударылған. Содан кейін Қазақстан билігі жобаның шығындарын жабу және Қытайдың Мемлекеттік даму банкіне несиені қайтару мақсатында «Astana LRT» ЖШС облигацияларын сату туралы шешім қабылдады.
LRT құрылысын қытайлық China Railway No. 2 Engineering Group Co., Ltd, Beijing State-Owned Assets Management Co., Ltd және China Railway Asia Europe Construction Investment Co., Ltd компаниялары жүргізуі тиіс болатын. Бұл компаниялардың өкілдері Қытайда сотталған, бірақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде сотталғандардың аты-жөні, істің егжей-тегжейі, үкім мен келтірілген шығын көлемі туралы ақпарат жоқ.
2023 жылдың мамырында ЛРТ құрылысы кезінде қаржы жымқырды деген айыппен тоғыз адам: елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков, «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан, Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов және «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Жанат Нұрпейісов, «Astana Innovations» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім, сондай-ақ бірқатар кәсіпорын қызметкерлері Ұлықбек Ашылов, Тимур Қасабаев, Дулат Мүсенов және Дәурен Әбдіхамитов сотталды.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?