Астанадағы көлік ұтысы алаяқтық болып шықты
Фото: Ашық дереккөзден
Астанадағы көлік ұтысы алаяқтық болып шықты, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.
«Алаяқтықтың құрбаны болған елорда тұрғыны полицияға арызданған. Тергеу барысында Алматы аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 21 және 22 жастағы үш адамды анықтады. Интернет-дүкеннің тұтынушылар базасына қол жеткізген соң, өздерін дүкен қызметкері ретінде таныстырған жастар тұтынушыларға телефон соғып, автокөлік ұтып алғандарын хабарлады. Бірақ оны алу үшін комиссия ретінде белгілі бір соманы салу керектігін жеткізген. Бұған сенген жәбірленуші 420 мың теңгеден астам сомаға ақша жіберген, шын мәнінде ешқандай ұтыс болған жоқ» делінген хабарламада.
Бұл іс бойынша күдіктілерге бес интернет-алаяқтық іс бойынша айып тағылып отыр.
«Барлық фактілер алаяқтық бойынша тексерілуде. Олардың елордада осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар, жоқтығы анықталуда» деп қосты ПД.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық