Астанадағы Болат Назарбаевтың қонақасына экс-атқамінерлерден кімдер барды?
Қазақстанның бұрынғы шенеуніктері Астанада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ағасы Болат Назарбаевтың қонақасына қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Еске алу шарасына бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалар Даниал Ахметов, Ахметжан Есімов, Өмірзақ Шөкеев, Қайрат Қожамжаров, Қайырбек Сүлейменов, Қалмұхамет Қасымов, Қуаныш Сұлтанов тағы басқалары қатысты.
Шара іргетасын экс-президент Назарбаевтың өзі қалаған Республикалық бас мешітте өтті. Ол кісі осы мешіттің салынуына қаржы бөліп, құрылысын да өзі қадағалап отырған.
Еске алу рәсімінен кейін экс-шенеуніктер журналистердің сұрақтарына жауап бергісі келмей, қашқақтады. Қаралы жиында журналистер де олардың артынан қуа жөнелмеді.
Айта кетерлігі, шараға Болат Назарбаевтың әпкесі Әнипа Назарбаева мен Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева да қатысты.
Жаңалықтар
- Қарағандылық құтқарушы «Жарық түндер» халықаралық жарысында алтын медаль ұтты
- Германия Ресейден қауіптеніп, ықтимал соғысқа дайындықты бастап кетті
- Көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетелдік елден шығарылды
- Аида Балаева: Көші-қон саясаты түбегейлі өзгереді
- Австрияда балалар тағамына у қосқан адам ұсталды
- БАҚ бойынша президенттің 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына ұсыным қабылдау басталды
- «Оскар» ұйымдастырушылары ЖИ-актерлер мен сценаристерге шектеу қойды
- Қытай өзінің мұнай компанияларына АҚШ санкцияларын елемеуді бұйырды
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады