Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған қыздың қазіргі жағдайы қалай?
Фото: freepik.com
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Астанада автобус апатынан кейін аяғын кесуге тура келген қыздың қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
8 жастағы қыз есін жиды. Бірақ әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.
«Өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлердің бақылауында. Егер бүгін жағдайы жақсарса, бейіндік бөлімге ауысуы мүмкін. Жанында анасы болады. Қыз және оның анасына психолог үнемі хабарласып, тығыз байланыста болады», деп хабарлады ведомство.
Денсаулық сақтау басқармасы жол апатынан зардап шеккен тағы екі адам ауруханада емін жалғастырып жатқанын айтты. Үшінші науқастың жағдайы тұрақты.
Айта кетейік, 2 маусым күні Астанадағы Республика даңғылында жолаушылар автобусы бағанаға соғылды. Автобус жүргізішісі қамалды. 15 адам түрлі жарақат алды. 2017 жылғы қыздың аяғын кесуге тура келді. Автобус апатынан соң аяғынан айырылған қызға 20 млн-ға жуық қаражат беріледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық