Астанадағы аэродром маңында болған авиациялық оқиғадан екі адам қаза тапты
Фото: көрнекілік үшін
Астанадағы аэродром маңында болған авиациялық оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне слтеме жасап Orda.kz.
«2025 жылғы 22 маусым күні шамамен 11:30 кезінде Астана қаласындағы Жоламан аэродромы маңында оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алды. Әуе кемесі жеке тұлғаға тиесілі. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта екі экипаж мүшесі болған, екеуі де қаза тапқан» деп жазылған жексенбі күні таралған хабарламада.
Хабарламада көрсетілгендей, азаматтық және эксперименттік авиациялық оқиғалар мен жағдайлар туралы деректерді ұсыну және тергеу қағидаларына сәйкес аталған оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылып жатыр.
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен жағдайларды тергеу департаментінің қызметкерлері апат болған жерге бару үшін жолға шықты» деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық