Астанада Жорғадан Аламанға дейінгі бәйге жарысы өтті
Сурет: 24.kz
Елордадағы «Қазанат» ипподромында жүлде қоры 23,5 миллион теңге болатын бәйге жарысы өтті, деп хабарлайды Orda.kz.сайты 24.kz-ке сілтеме жасап.
Чемпионатты Қазақстанның ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен республикалық «Бәйге» федерациясы ұйымдастырды. Шараны ашқан Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі ұлттық спорт түрлерінің танымалдылығы артып келе жатқанын сөзга арқау етті.
«Біз өз өмірін тұлпарсыз, бәйгесіз елестете алмайтын халықтың ұрпағымыз, сондықтан бұл екі ұғым еске түскенде-ақ жүрегіміз атқақтайды. Жылқылар бізді шабыттандырады, елітеді», - деді министр.
Республикалық «Бәйге» федерациясының жетекшісі Қанат Көпбаевтың айтуынша, ажылдан жылға ат бәйгесін тамашалайтындар мен жанкүйерлер қатары да артып келеді.
«Біздің мақсатымыз – ұлттық спортымыздың мәртебесін көтеру және халыққа таныту. Бір қуантарлығы, ат бәйгесіне қызығушылық танытқан көрермендер саны күн санап артып келеді. Бұл біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың көрсеткіші», - деді ол.
Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 80-ге жуық сәйгүлік қатысып, «Құнан бәйге», «Топ бәйге», «Аламан бәйге» және «Жорға» бәйгелері бойынша сынға түсті.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 23 500 000 теңге болды.
Он шақырымдық «Құнан бәйге» жеңімпаздары:
1 орын – «Лазер» атты Алдияр Уайсханнның жылқысы;
2 орын – Асланбек Әбдіқалдың «Қарақат» атты жылқысы;
3 орын – Нұрмұқаш Ділнұрдың «Мамлюк» атты жылқысы.
16 шақырымдық «Топ бәйге» жүлдесі:
1 орын – «Мой мир» атты Әмір Серіктің жылқысы;
2 орын – Асланбек Әбдіқалдың «Абырай» атты жылқысы;
3-орын – «Сакура» атты Бекзат Ділдаханның жылқысы.
9 шақырымдық «Жорға» жарысының жеңімпаздары:
1 орын – Жан Қоқанбаевтың «Салкүрең» атты жылқысы;
2 орын – Әлия Асқарованың «Мамыр айы» атты жылқысы;
3 орын – Шуақ Жайлаубектің «Жұлдыз» атты жылқысы.
23 шақырымдық «Аламан бәйге» жүлдегерлері:
1 орын: «Талхиз» атты Бекзат Ділдаханның жылқысы;
2 орын – Арнат Мұратханның «Семсер» атты жылқысы;
3 орын – Арнұр Саматуланың «Самал» атты жылқысы.
Жарысты ұйымдастырушылар 4-5-орын алған спортшыларды ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар, байқау барысында көрермендер ұлттық киімдер сайысын да тамашалады. Бұл байқаудың жеңімпаздарына ұйымдастырушылар атынан жалпы алғанда 1 млн.теңге сыйға тартылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық
