Астанада жол жөндеп жүрген жұмысшыларды көлік қағып, бір адамды мерт қылды
Фото: Envato
Астанада жол жөндеп жүрген жұмысшыларды көлік қағып кетті. Жол апаты салдарынан бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға 18 тамызға қараған түні болды. Көлік жүргізушісі жол ережесін ескермей, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан екі адамды қағып кеткен. Жұмысшылардың бірі көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.
Қалалық ПД баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция жолда белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және жүргізушілерді абай болуға шақырады», деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, маусымда Алматыдағы құрылыс алаңында үстіне кран құлаған бір жұмысшы мерт болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық