Астанада велосипедтерді тіркеу ұсынылды
Елордалық полицейлер велосипед ұрлығы санын қалай азайтуға болатынын білмей бас қатыруда. Өткен жылмен салыстырғанда мұндай қылмыстар саны екі есеге артқан.
Жыл басынан бері Астанада 100-ден астам велосипед ұрланған. Келтірілген шығын үш миллион теңген болды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Сонымен қатар, екі доңғалақты көліктердің көпшілігі арнайы қорғаныс құралдарынсыз қалдырылған. Статистиканы азайту үшін тәртіп сақшылары арнайы қызмет ойлап тапқан.
«Велосипедтің иесі, оның тұрғылықты мекен-жайы және ұялы телефон нөмірі туралы мәліметтерді енгізу арқылы оның белгілі бір тұлғаға тиесілі екендігін тіркеуге мүмкіндік беретін бірыңғай электронды деректер базасы әзірленді. Сондай-ақ велосипедтің сериялық нөмірі мен сыртқы ерекшелік сипаттамалары қоса жазылады», - деді Астана қалалық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Айтмағамбетов.
Жоба әлі де пилоттық, бірақ сіз велосипед деректерін екі қолданбаға енгізе аласыз, олар : SMART Astana және E-KNOT. Ол үшін екі доңғалақты көліктің сипаттамаларын толтырып, телефон нөміріңізді қалдырсаңыз жеткілікті.
«Егер адам велосипедін ұрлатқан болса, бірақ ол тіркеуге үлгермеген дейік, мысалы, жасыл велосипед ұрланған деген бағдар болса, полиция жоғалған күннен бастап, тек тіркелген жасыл велосипедті тексере алады. Себебі ол тіркелген және иесінің байланыс нөмірлері бар», - деп түсіндірді «Астананың тұрақты даму орталығы» ЖШС директорының орынбасары Виталий Пустовойтенко.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық