Астанада тоқтатылған рейстер құны қайтарылады - Көлік министрлігі
Сурет: Instagram nqz_airport парақшасынан
Көлік министрлігі әуе компанияларына ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылған рейс билеттерінің толық құнын жолаушыларға қайтаруды тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омарханның айтуынша, билет құнын толық қайтару үшін тұтынушылар әуе компаниясына хабарласуы қажет.
«Мұны екі жолмен жасауға болады: телефон арқылы немесе Астана әуежайы ғимаратында орналасқан авиатасымалдаушылар кеңселеріне бару керек», - деді Омархан.
Баспасөз хатшысы қарлы боранға байланысты тоқтатылған рейстер құнын қайтаруды авиакомпания сайттары мен мобильді қосымшалар арқылы беруге болмайтынын, өйткені онда айыппұлдар мен алымдар көрсетілетінін, сондықтан билет үшін қайтарылған сома толық болмайтынын атап өтті.
Сондай-ақ, министрлік өкілі кеше кештен бері көлік министрі Марат Қарабаевтың Астана әуежайында екенін айтты. Ол рейсін күтіп отырған жолаушылармен сөйлесіп, әуе көлігіндегі жағдайды реттеу үшін жедел штаб құруды тапсырды.
«Кеше авиакомпаниялармен кездесу өтіп, онда жолаушыларды жөнелтуге және ұшып-қонудың бұзылған кестесін оңтайландыруға қатысты бірқатар шешімдер қабылданды. Нәтижесінде жағдай реттелді, әуежай түннен бері келген ұшақтарды қабылдап, рейстерді қалыпты режимде қамтамасыз етуде» деп жазды баспасөз хатшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 30 желтоқсанда Астана халықаралық әуежайы күрделі ауа райына байланысты бірнеше сағатқа жабылған болатын. 30-дан астам рейс кейінге қалдырылды. Кейін 10 рейс тоқтатылғаны белгілі. Түнде әуежайда 2,5 мың адам ұшу уақытын күтіп тұрғаны хабарланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық