Астанада телеком саласының көшбасшылары цифрлық дәуірді дамыту мәселелерін талқылады
Фото: Қазтелеком
«Қазтелеком» KT Growth Forum корпоративтік форумын өткізді. Іс-шара компанияның және «Самұрық-Қазына» қорының топ-менеджментін, цифрлық индустрия көшбасшыларын, депутаттар мен мемлекеттік қызметкерлерді біріктірді.
Форумда болашақ технологиялары, телеком саласының трансформациясы және цифрлық дәуірдегі көшбасшылықты дамыту мәселелері талқыланды.
Форум қошемет сөздермен басталды. «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов цифрландыру туралы ел президентінің сөзін келтірді:
«Мемлекет басшысы атап өткендей, «біз Қазақстанды жасанды интеллект негізгі өсу, инновациялар және цифрлық егемендік қозғаушы күшіне айналатын цифрлық мемлекетке айналдыруға ұмтыламыз». Бұл – нарықтың барлық қатысушылары үшін айқын бағыт», – деді Жақыпов.
Одан кейін сөз алған президент кеңесшісі Қуанышбек Есекеев те жасанды интеллектті дамыту туралы өз ойын білдірді.
«Жасанды интеллектті дамыту – бұл тек технологиялар туралы емес. Бұл – экономика, қауіпсіздік және азаматтарымыздың өмір сүру сапасы туралы. Қазақстан бұл үдерісте сенімді, белсенді ұстаным ретінде қолданғаны маңызды. Біз тек шешімдерді енгізіп қана қоймай, жаһандық деңгейде өзіміздің әзірлемелерімізді, мектептерімізді және күшті сараптама қалыптастыруымыз керек», – деді ол.
«Қазтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің «Телеком-оператордан цифрлық дамудағы экономикалық жаңа рөл» тақырыбындағы баяндамасы компания эволюциясы, негізгі жобалар мен жаңа бағыттарды дамытуға арналды.
«Бүгінде технологиялар ауа райынан да жылдам дамып жатқанда, уақытпен қатар жүру аздық етеді – біз одан озуымыз керек. Міне, дәл осы тәсіл біздің алдағы нақты, ауқымды және тек Астана мен Алматымен шектелмейтін, бүкіл ел бойынша цифрландыруды көздейтін қадамдарымыздың негізінде жатыр», – деп атап өтті Бағдат Мусин.

Форум кеңестік кеңістіктегі танымал бизнес-спикер, 50-ден астам кітаптың авторы Игорь Маннның мотивациялық сессиясымен жалғасты. Оның «Нөмір 1: немен айналыссаң да, өз ісіңде үздік болудың жолы» атты баяндамасы іс-шараға серпінді қарқын берді.
Іс-шара аясында екі панельдік сессия өтті:
Бірінші сессия – «ЖИ – ойлаудың жаңа архитектурасы: этика, билік және алгоритмдік болашақ» тақырыбында болды.
Спикерлер ЖИ-дің еңбек нарығына әсері, цифрлық геосаясат дәуіріндегі билік бөлінісі және технологиялық ықпал орталығы ретіндегі стартаптардың жаңа рөлі тақырыптарын талқылады.
Қатысушылар қатарында:
– Бағдат Мусин («Қазтелеком» АҚ)
– Әлібек Датбаев (Booking.com)
– Сұлтан Жұмаев (Ascle AI)
– Ник МакФлай (Hybrain AI)
– Рашит Адилхан (Blink AI)
– Екатерина Смышляева (Мәжіліс депутаты)
– Антон Джораев (NVIDIA) болды.

Сессия барысында Ascle AI стартапының ЖИ негізіндегі бір әзірлемесі көрсетілді.
Екінші сессия – «Болашақ көшбасшылығы: жаңа экономикаға арналған жаңа дағдылар» таұырыбында өтті.
Сессия жедел цифрлану дәуіріндегі көшбасшылыққа арналды.
Қатысушылар болашақ көшбасшылары үшін қандай дағдылар шешуші болатынын, харизма мен бедел туралы түсініктердің қалай өзгеретінін, сондай-ақ эмпатия мен эмоциялық интеллекттің техникалық білімнен неге маңыздырақ болып бара жатқанын талқылады.
Спикерлер:
– Ержан Мейрамов («Қазтелеком»)
– Денис Поселённый (EPAM)
– Марат Сандыбаев («Қазтелеком» АҚ)
– Рустам Кабиден («Қазтелеком»)
– Айдарбек Ходжаназаров (мәжіліс депутаты)
– Игорь Манн.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық