Астанада тағы бір қыз суицид жасамақшы болды
Фото: freepik.com
Ұлттық ұлан сарбаздары суицид жасамақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 2 қазан күні кешкі сағат 22:00 шамасында болған. Ұлттық ұлан сарбаздарынан тұрғын көмек сұраған. Оның айтуынша, жас қыз көпірден Есіл өзеніне секіріп кеткен.
Әскери жасақ оқиға орнына барып, қызды құтқарып қалды.
«Қала көшелері тыныштығын қадағалау кезінде бізге бейтаныс адам келіп, қыз баланың суға батып бара жатқанын айтты. Біз дереу оны құтқаруға кірістік. Рация арқылы осы оқиға туралы патрульдік топ бастығына хабарладық та, бойжеткенді судан шығаруға тырыстық. Ол жағаға жақын қашықтықта болғандықтан, еңкейіп, оның қолынан ұстай алдым, ал әріптестерім оны жағаға шығаруға көмектесті. Содан кейін біз қызды жылы көрпе, бушлатқа орап, жедел жәрдем келгенге дейін оған алғашқы медициналық көмек көрсеттік», - деді әскери жасақ бастығы, қатардағы Мырзахметов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық