Астанада құжаттарды өздігінен рәсімдейтін терминал орнатылды
Сурет: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
Қазақстандықтар енді кезекте сағаттап тұрмай қызметке тапсырыс бере алады, сонымен қатар жақсы шыққан суретті құжатқа өз бетінше таңдай алады.
Елордадағы халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттарды өздігінен рәсімдеуге арналған терминал орнатылды. Инновациялық жоба Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа таныстырылды, деп хабарлайды Orda.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
Бұл құрылғының көмегімен кез келген азамат төлқұжат немесе жеке куәлік алуға өз бетінше өтініш бере алады.
Терминал мыналармен жабдықталған:
• Ішкі істер министрлігінің деректер базасында бар фотосурет негізінде адамды автоматты түрде биометриялық сәйкестендіруге және суретке түсіруге арналған камералар;
• қолтаңба сканері;
• Мемлекеттік баж салығын төлеу QR коды (2023 жылы төлқұжат дайындау үшін – 27 600 теңге, жеке куәлік үшін – 690 теңге).
Терминалды пайдалану үшін барлық деректерді толтырып, биометриялық сәйкестендіруден өтіп, суретке түсіп, қол қойып, QR коды арқылы қызмет ақысын төлеу керек.
Өтініш бергеннен кейін көші-қон қызметінің қызметкеріне хабарласу қажет, ол ақпараттың дұрыстығын тексереді. Процесс бірнеше минутқа созылады. Бұрын халықты құжаттандыру кезінде бұның барлығы тек қолмен толтырылатын.
— Бұған дейін өтініш беру үшін клиент 30 минутқа дейін кезекте тұруға, көші-қон қызметкеріне тіркелуге, кассаға ақша төлеуге және суретке түсуге жұмсалатын. Енді құжаттама терминалының арқасында процесс 10 минуттан аспайды, кезек күтпейсіз, - деп атап өтті Мусин.
Оның айтуынша, азаматтар уақытты үнемдеумен қатар, құжатты өз бетінше жасап, жақсы суреттерін де таңдай алады.
Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин терминалды әзірлеу кезінде барлық тәуекелдер ескеріліп, ақпараттық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Мекеме төлқұжат пен жеке куәлік алу қызметі Қазақстандағы ең танымал қызметтердің бірі екенін еске салады. 2022 жылы оны 2,3 миллионнан астам азамат алған.
Бүгінгі күні Астана қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында осындай төрт терминал бар. Алдағы уақытта олар барлық өңірлерде пайда болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық