Астанада Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы жартылай жабық өтеді
Фото: Instagram/Перизат Кайрат
«Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысы Перизат Қайраттың ісі жартылай жабық өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот процесінің ашық немесе жабық өту мәселесі бойынша шешімді судья Сабыржан Кәрімов қабылдады. Оның айтуынша, негізгі сот отырысы 14 шілдеде ашық өтеді. Алайда айыпталушылардың жеке мәліметтері мен банк құпиясына қатысты жауаптары жабық қаралады. Перизат Қайрат пен оның адвокаты қылмыстық істің материалдарында өте көп жеке және қаржылық ақпарат бар екенін алға тартып, жабық өтуін өтінген.
Сондай-ақ, Перизат тергеу изоляторында қысым көріп, барлық құқықтары тапталғаны жайлы айтты
«Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс Астана прокуратурасында тіркелді. Денедегі жарақаттарды тергеу изоляторының қызметкерлері салған. Қанша рет өтініш берсем де, маған бір рет те қоғамдық қорғаушы тағайындалған жоқ»
дейді Периат көзіне жас алып.
Тергеу мәліметінше, Перизат Қайратқа су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар мен қақтығыстан зардап шеккен палестиналықтарға көмек ретінде жиналған 3,5 млрд теңге көлеміндегі қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.
Бұл іске Перизаттың анасы Ғайни Алашбаева да тартылған. Оған алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру баптары бойынша айып тағылған.
Тергеу нұсқасы бойынша, Перизат Қайрат миллиардтан астам теңгені қолма-қол ақша қылып шығарып алып, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Қаражат жөндеу, жиһаз, жол жүру және киім-кешек шығындарына кеткен. Солардың арасында 6,9 млн теңгеге сатып алынған Rolex сағаты да бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық