Астанада мемлекеттік күзет қызметкерін қорғау үшін жол апатына қатысушысын кінәні мойнына алуға мәжбүрлеп жатыр
Фото: Orda
Астанада 2023 жылдың тамызында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасында мемлекеттік күзет қызметкерінің кінәсін жасыру үшін, дәл сол апат қатысушысы Әсем Сексембаеваға кінәні мойнына алуға мәжбүрлеп, қысым көрсетіп жатыр.
Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлайды.
2023 жылы 19 тамызда Астанадағы Қабанбай батыр даңғылында үш көлік соқтығысып, жаяу жүргінші әйел қайтыс болды. Әсем Сексембаева Chevrolet Cruze көлігімен қалаға шеткі Лесная Поляна ауданынан келе жатты. Бұл күні автобус жолағы көліктің барлық түріне ашық болды. Бір кезде әйел оң жақ жолаққа өтпекші болады. Сол сәтте ол өзіне келген соққыны сезеді. Нәтижесінде оның көлігі кенет алға жылжып, жол жиегіне шығып кетеді. Сол сәтте аялдамада тұрған әйелді бағана қысып қалады. Әйел алған жарақатынан көз жұмды.
«Мен бір сәтке есімді жоғалттым. Бірақ куәгерлердің айтуынша, соқтығыстан көлігім доптай серпіліп, жол жиегіне соғылған. Оң жақтағы дөңгелектер осы жиекте түсіп қалған. Бірақ оқиға орнын тексерудің бірінші хаттамасында полиция қызметкері бұл жиектердің бар екенін және дөңгелектердің зақымдалғанын көрсетпеді», – деді Әсем Сексембаева баспасөз мәслихатында.
Әсемнің көлігін арт жағынан Kia Rio соққан. Оның айтуынша, жүргізуші – мемлекеттік қауіпсіздік қызметкері М.
Тағы бір көлік Volkswagen Passat оның көлігіне сол жақтан соғылып, жүргізушінің бүйіріндегі айнаны сындырған. Бірақ бұл көлік бірнеше аптадан кейін ғана табылды.
Көлікті алғашқы тексеру кезінде полиция қызметкері Әсем Сексембаеваның көлігі оң жақта зақымдалғанын көрсеткен. Volkswagen Passat иесі көліктің артқы және сол жағына зақым келгенін мәлімдеген. Көлікке келген зақымдарды байқауға болады, себебі көлік әіл тексерісте айыппұл тұрағында тұр.
«Олар менің көлігімнің оң жағында зақым бар деп жазды. Осының негізінде ережені бұза отырып, жолақты ауыстырып отырмын деген қорытындыға келді. . Kia Rio көлігінің алдына мен шыққандай дәлел келірген. Бірақ, шын мәнінде, (мемлекеттік қауіпсіздік қызметкері М.) менің көлігімнің артқы бамперінде оның торының іздері болды. Ал полицейлер оның көлігін апаттан кейінгі үшінші күні берді. Қазір оның көлігі бұрынғы қалпына келтірілді. Енді экспертиза сараптамасы да дәлелдей алмайды», – деді Әсем Сексембаева.
Мемлекеттік қауіпсіздік қызметкері М. қазір куәгер ретінде тіркелген. Ал Әсемнің айтуынша, тергеу барысында оған полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына кінәні мойындау үшін қысым көрсетуде. Жауап алу кезінде «түрмеге тоғытамын», «өзің сияқтылармен бес жыл темір торда отырасың» деп қорқытқан.
«Олар мені бес жылға соттаймыз» дейді. Мен оларға екінші көлік кінәлі екенін, жолды ауыстырғанымда екінші жолақта көліктің болмағанын түсіндіруге тырыстым. Ол мені артымнан соқты, бұл оның кінәсі десем де, олар маған: «Егер сен үйде отырсаң, мұның ешқайсысы болмас еді, дейді. Енді үйден шықпауым керек пе?», – деді Әсем ашуланып.
Әсем Сексембаева мен оның адвокаты Айдын Нұрмұхамбет қазір тергеушілердің заңсыз әрекеттеріне шағым жазып, қалалық прокуратура мен Бас прокуратураға хабарласуда. Іс әлі сотқа жеткен жоқ. Әсем өлімге әкелген апатқа өзінің кінәлі емес екендігін дәлелдеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық