Астанада мектеп оқушысы өзге оқушылармен жыныстық қатынасқа түсіп, оларды бопсалады деп айыпталды
NeMolchi.kz қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилова Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қабырғасында 11-сынып оқушысының бес жыл бойы қыздармен жыныстық қатынаста болғанын, барлық жағдайды видеоға түсіргенін айтты. НЗМ тек оқудан шығарылған оқушының буллинг жасағанын растады.
«Астанадағы НЗМ мектебі чатында олар баланы оқудан шығару және мұғалімді жұмыстан шығару мәселесін талқылап жатыр. 11-сынып оқушысы қыздармен жыныстық қарым-қатынасқа түсіп, оны суретке және видеоға түсірген, бұл әрекет бес жылға созылған! Ата-аналар мектептің баланы оқудан, мұғалімді жұмыстан шығарып жібергеніне наразы. Ешкім полицияға арыз жазған жоқ, тергеу жүргізген жоқ, олар жай ғана жұмыстан шығарып, олардан құтылды…», - деп жазады Смаилова Facebook парақшасында.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Серікпаева оның жазбасына жауап берді.
Оның айтуынша, жазбада берілген ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Мектептердің бірінде оқушылар арасында буллинг оқиғасы анықталды. Барлық оқушылар мен заңды өкілдерден сауалнама нәтижелері бойынша жыныстық қатынас және/немесе зорлық-зомбылық фактілері болмағаны анықталды! Мектеп дереу оқушыларды қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқиғадан зардап шеккен оқушылар, сондай-ақ олардың заңды өкілдері балалардың психологиялық тепе-теңдігін сақтауды және бұл оқиғаның жарияланбауын сұрады», - деді ол түсініктемеде.
Одан әрі Әсел Серікпаева мектеп барлық қажетті іс-шараларды дереу жүргізгенін айтты. Сөйтіп, ата-анасының өтініші бойынша 11-сынып оқушысы оқудан шығарылып, ал мектеп қызметкері өз еркімен жұмыстан кетіпті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық