Астанада марқұм өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне көше ашылды
Астанада марқұм өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне көше ашылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі Құтқарушылар күні қарсаңында Астанадағы Үркер шағын ауданында өрт сөндіруші Асқар Серікұлы Забикулин атындағы көшенің ашылғанын хабарлады.
«Ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгілікке қалдыру мақсатында Астана көшелерінің біріне Асқар Забикулин есімі берілді, ескерткіш тақта орнатылды. Көшенің ашылуына Асқар Зәбикулиннің туыстары, әйелі мен балалары, күзет органдары қатысты. Шара барысында Астана ТЖД басшылығы мен жеке құрамы, Асқардың туыстары, ТЖД қызметкерлері мен ардагерлері ағаш отырғызды» деп хабарлады ведомство.
Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин өрт сөндіру кезінде үш адамды аман алып қалып, өзі алған ауыр жарақатынан 20 қараша күні ауруханада қайтыс болды.
Еске сала кетейік, 16 қарашада астаналық өрт сөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден бес адамды аман алып қалған болатын. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, өрт сөндіру кезінде өрт сөндірушілердің өздері жарақат алып, денелері мен беттері күйіп қалған. Асқар Забикулиннің денесінің 80 пайызын күйік шалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық