Астанада лифтте зардап шеккен баланың анасы оқиғаның егжей-тегжейін айтты
Фото: Видеодан кадр
Астанада лифтте зардап шеккен баланың анасы оқиғаның егжей-тегжейін айтып, кінәліні қатаң жазалауды өтінді, деп хабарлайды Orda.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Зардап шеккен Батыр есімді бала дүкеннен үйіне қайтып келе жатқан. Анасы баласын дүкенге картоп әкелуге жұмсаған екен.
«Өзім кішкентай баламен үйде болдым. Терезеден қарап тұрдым, Батыр үйдің қоңырауын басты. Оған қол бұлғадым. Ал жасөспірім есіктің жанында тұрып, басқа қызға тиіскен екен. Батыр есікті ашқанда, онымен бірге кіреберіске, кейін лифтке жүгіріп кірген. Бұны видеодан көрсе болады», - дейді баланың анасы.
Әйелдің қансыраған баласы үйге өзі жетіп, кіреберісте құлап қалған. Ол 1-қабаттан 4-қабатқа дейін қансырап жеткен.
«Ол үйге кіріп, «мен өліп бара жатырмын, мені өлтірді» деді де жерге құлады. Оның бетінен қан атқылап жатты, бәрі қанға боялды. Шошып кеттім. Көршілерге қоңырау шалдым, ал олар дәрігерлерге хабарласты. Бақытымызға орай, көршіміз Жандос хирург еді, қан кетуін тоқтатуға көмектесті, әйтпесе ұлым одан да көп қан жоғалтар еді. Содан кейін оны жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті», - дейді әйел.
Батырдың анасы баласы басқа баламен күрекке таласып қалған болар деп ойлаған. Видеоны кейінірек көріпті. Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, дәрігерлер ауруханада Батырдың бетін тіккен.
«Ауруханада бізге жүйкесі мен артериясы зақымдалғанын айтты. Түнде оның жағдайы ауыр болды. Бізді кіргізбеді. Енді палатаға ауыстырды, есін жиды. Оның сол жақ беті жұмыс істемейді, беті ісінген, оған қоса қант диабеті диагнозы қойылған еді, 1-түрі, оның қашан қалпына келетінін білмеймін», - дейді Батырдың анасы.
Әйел бұл жасөспірімді бұрын-соңды көрмегенін айтты. Зардап шеккен баланың анасы жасөспірімге ең қатаң жазаны талап етіп отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық