Астанада құрылысы 10 жыл бұрын басталған сауда орталығы сатылымға шықты
Фото: Jusan Bank
Астанада құрылысы ұзақ мерзімді қамтыған сауда орталығы 13,5 млрд теңгеге сатылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Былтыр күзде Jusan Bank-тің меншігіне өткен «Сити Палас» сауда орталығы сатылымға шығарылды. Бүгінде көпфункционалды сауда-ойын-сауық орталығында құрылыс тоқтап тұр.
Нысанның бастапқы бағасы 13,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Сатып алуға ниеттілер өтінімді банктің сайтында қалдыра алады. Сатып алу кезінде нарық сұранысына байланысты баға өзгеруі мүмкін.
Сипаттамаларға сүйенсек, сауда нысанының қабырғаларды жеңіл бетон блоктары, газоблок және керамикалық кірпіштерден қаланған. Нысанның іргетасы мен қабырғалары толық дайын. Жабын плиталары да аяқталған.
Нысан 3 жер телімінде орналасқан. 1,1087 гектар болатын 2 жер телімі жекенің меншігінде болса, 1,6645 гектар жер жалға алынған.
Оң жағалаудағы «Сити Палас» сауда орталығы 10 жылдан астам уақыт бойы салынып жатыр.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады