Астанада қоғамдық көліктің ақысы 1 тамыздан бастап өседі
Фото: facebook / CityTransportationSystems
2024 жылдың 1 тамызынан бастап Астанада қоғамдық көлікте жүру ақысы 90 теңгеден 110 теңгеге көтеріледі.
Бұл туралы Астана қаласының ішкі саясат басқармасы мәлімдеді.
Бір ескеретін жайт, 2020 жылдың наурызынан бастап Астанада және оның маңайындағы ауылдарда білім алатын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жүру тегін болып қала береді. Олардың мектеп оқушысы екенін көрсететін көлік картасы болуы керек.
Сонымен қатар, қоғамдық көлікпен тегін жүре алатын азаматтар:
- 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері және солармен теңестірілген тұлғалар;
- 2) Зейнеткерлер, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушылар, зейнеткерлік жасқа жеткендер;
- 3) Көпбалалы аналар;
- 4) Көпбалалы отбасылар;
- 5) Мүгедектер;
- 6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар және олардың ата-аналары (заңды өкілдері);
- 7) 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси репрессияға ұшыраған жандар, Қазақстан Республикасының «Саяси репрессия құрбандарын реабилитациялау туралы» заңына сәйкес ақталған азаматтар.
Жаңалықтар
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды