Астанада қоғамдық көлікте жүрудің ақысы көтерілмек
Фото: Ашық дереккөзден
Астана қалалық жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлесеңіз - 20 теңге артық төлеу керек, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Астана әкімдігі қалалық және қала маңындағы қоғамдық көліктерде жол жүру жаңа тарифін талқылауға шығарды.
Қалалық автобустарда жол жүрудің бірыңғай тарифін қолма-қол ақшасыз төлеу құны - 110 теңге деп белгілеу ұсынылып отыр. Сондай-ақ олар қалалық және қала маңындағы маршруттар бойынша сапарларға сараланған тарифтерді белгілейтін болады. Барлық бағалар жолаушылардың қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануын ескере отырып белгіленеді.
«Жолаушылар мен жүкті жедел қалалық көлікпен тасымалдау бағасы 250 теңге, жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау – 110 теңге, жолаушылар мен олардың жүктерін қала маңына тасымалдау – шақырымына 9,5 теңге болады» делінген әкімдіктің қаулысында.
Қоғамдық көлікте қолма-қол ақшамен жүру қымбатырақ болады. Қала бойынша автобуспен – 250 теңге, жедел пойызбен – 350 теңге, әлеуметтік маңызы бар бағыттарда – 220 теңге. Қала маңына көлікпен бару шақырымына 9,5 теңгенің орнына 14 теңге тұрады.
«Жол жүру ақысын төлеудің электронды жүйесі жұмыс істемей қалған жағдайда электронды жол жүру құжатын немесе қосымша электрондық төлем қызметтерін пайдалана отырып төлеген жолаушы тегін жол жүруге құқылы» деп түсіндірді Астана әкімдігі.
Елордада автобустардың жолақысы бірқатар өңірлерге қарағанда біршама қымбаттағалы тұр. Павлодарда қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін жол жүру ақысын 100 теңгеге дейін көтеру де ұсынылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық