Астанада иесіз ғимараттан денесі табылған қыз туралы тың дерек шықты
Фото: freepik.com
Астанада иесіз ғимараттан өлі денесі табылған 14 жастағы қыздың ажалы неден болғаны анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
КТК арнасының мәліметінше, полиция өкілдері осыдан бір ай бұрын болған қайғылы жағдай бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысын жариялаған.
Иесіз тұрған бұрынғы балабақша ғимаратынан 14 жастағы қыздың денесін сол маңда ойнап жүрген балалар тапқан. Марқұмның ата-анасы сабақтан кейін серуендеуге шыққан қызының неге ескі ғимаратқа барғанын түсінбей отыр.
Ал сот-медициналық сараптамасы оның газдан уланғанын анықтады.
«14 жастағы қыздың денесіне қатысты істің мән-жайын обьективті, жан-жақты зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлім газ қоспасымен уланудан болған. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды», деп мәлімдеді Астана ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық