Астанада ереуілге шыққан мұнайшылардың барлығы қамауға алынды
Астанада ереуілге шыққан жаңаөзендік мұнайшылардың барлығын СОБР жасағы қамауға алды.
Бұл туралы Власть хабарлайды.
«Наразылық білдірген жұмысшыларды акция өтіп жатқан кезде ұстап алып, күні бойы Энергетика министрлігі маңындағы автозактарға апарып жатыр» деп хабарлайды басылым журналисі.
Полиция Энергетика министрлігі ғимаратының маңында наразылық білдірушілерге жақын жолдарды бөгеп тастаған.
Бұл полицияның адамдардың көп жиналатын жерлеріне тосқауыл қою және ұстау тактикасы.
Еске сала кетейік, бұған дейін жаңаөзендік мұнайшылар 11 сәуірге қараған түні «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) орталық кеңсесінде болған еді. «КезБи» мен «Берәлі Маңғыстау» компаниясының бұрынғы қызметкерлері Астанада жұмысқа орналастыру мәселесі толығымен шешілгенше ереуілге шығуға уәде берді. Сәуірдің 11-і күні түстен кейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жаңаөзендік мұнайшылардың Астанада дүрбелең туғызу үшін ереуілге шыққанын хабарлады. Бір қызығы, жаңаөзендіктердің айтуынша, ҚМГ бас кеңсесінде мұнайшылардың ереуіліне жаңадан сайланған парламент депутаттарының ешқайсысы, тіпті Маңғыстау облысынан сайланғандары да келмеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық