Астанада ер адам науқас анасын тұншықтырып өлтірді
Фото: Pexels
Астанада 55 жастағы ер адам науқас анасын тұншықтырып өлтіріп, кейін айналасындағыларды оның өзіне қол жұмсағанына сендіруге тырысқан. Сот оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын берді, деп хабарлайды Orda.kz.
2025 жылдың шілдесінде Сергей Овсянников жедел жәрдем шақырып, анасының жағдайы нашарлап кеткенін айтқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер қарт әйелдің қайтыс болғанын тіркеді. Үйдегі жағдайдан оның ұзақ уақыт бойы ауырғаны және төсектен тұрмайтыны белгілі болған. Марқұмның мойнынан гематомалар табылып, өлімнің себебі тұншығу екені анықталды.
Қайтыс болған әйелдің ұлы анасының ауруына байланысты өзін ұстай алмай, сүлгімен асылып қалмақ болғанын, бірақ өзі дер кезінде құтқарып үлгергенін айтқан.
Алайда көптеген куәгерлер, соның ішінде көршілері мен таныстары, мүлде басқа ақпарат берген. Олардың айтуынша, Овсянников еш жерде жұмыс істемеген, анасының зейнетақысымен күн көрген, ішімдік ішкен, жиі жанжал шығарып, аулада әйелдер мен балаларға қол көтерген. Сонымен қатар, төсектен тұрмай жатқан анасын да мезгіл-мезгіл соққыға жыққан.
Осы мән-жайларды және жүргізілген сараптамаларды ескере отырып, сот Сергей Овсянниковты кісі өлтіру бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Сот залында айыпталушының анасы өзін-өзі өртемек болды: Адам ағзасын саудалаған қылмыстық топқа сот үкім шығарды
- Конституциялық сот судьяларын президенттің ұсынуымен парламент бекітетін болады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық