Астанада ер адам банкоматтан 1 млн теңге ұрлады
Астана тұрғыны банкоматтан өзгенің ақшасын алып кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақшасынан айырылған тұрғын полицияға жүгінген. Оның айтуынша, бейтаныс біреу оның 1 миллион теңгесін иемденген. Банкоматтағы ақау салдарынан жігіт салған ақша қабылданбай, ақшаны бетінде қалдырып кеткен.
Өтіп бара жатқан азамат бұл ақшаны тауып алғанын хабарлаудың орнына, оны алып кетіп, сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
«Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің банкомат арқылы өз шотына ақша салмақ болғанын анықтады. Қала тұрғыны қолма-қол ақшаны қабылдағышқа салған, операция аяқталды деп ойлап, кетіп қалған. Алайда техникалық себептерге байланысты ақша есепке алынбай, банкомат оны қайта шығарған. Жәбірленуші мұны байқамаған, ал жанында тұрған ер адам осы жағдайды пайдаланып, ақшаны алып, қашып кеткен» делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері құқықбұзушылық жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды анықтады.
Жаңалықтар
- 3600 метр биіктікте адасқан үш турист құтқарылды
- Алматы маңында пластик бұйымдарын шығаратын цех өртенді
- Венесуэланың уақытша президенті АҚШ-пен мұнай келісімі арқылы табысқа кенелетіндерін мәлімдеді
- Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көлігі жиналды: Не болып жатыр?
- Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты орынсыз пікірлер буллингке ұласып бара жатыр
- Пентагон басшысы 2028 жылғы президент сайлауына түсуі мүмкін деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтбаев ««Бернлидің» негізгі құрамында да үздік ойыншы атанды
- «Стик бермесең өлтіремін»: Астанадағы сауда орталығында пышақ ұстаған жігіт жұртты шулатты
- Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды: Депутаттардың жұмысын осы жерден бақылауға болады
- Бірінші сыныпқа 380 мың оқушы барады: Мектептер оларды қабылдауға дайын ба?
- Алматыда самокат мінген ер адам бордюрге соғылып, қаза тапты
- БАҚ: АҚШ Мәскеуге Трамп, Путин және Зеленскийдің саммитін өткізуді ұсынды
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды