Астанада болған екпінді желден кейін бірнеше адам жедел жәрдемге жеткізілді
Астанада қатты желден кейін кейбір азаматтар қалалық ауруханаларға медициналық көмекке жүгінді.
Осылайша, елорда әкімдігінің хабарлауынша, жедел жәрдем бригадалары түрлі дене жарақаттарымен төрт адамды қалалық ауруханалардың жедел жәрдем бөліміне жеткізді. Бұл негізінен көгерген, сырылған жерлері бар адамдар. Бір бала өкшесінің жабық сынығымен түсті.
«Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, реанимацияға түскен науқастар жоқ. Науқастардың бір бөлігі аурухананың медициналық қызметкерлері тексергеннен кейін, асқыну болмағандықтан амбулаторлық емдеуге шығарылды» делінген хабарламада.
Кейбір қала тұрғындары жедел жәрдеммен медициналық көмек алған соң, жедел жәрдем бөлмесіне жеткізуден бас тартып, тұрған жерлерінде қалды.
Ауа-райының нашарлауына, атап айтқанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күшеюіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері жел салдарынан болған қирандыларды жинауда.
18 қарашада Астананың Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын ауа райының қолайсыздығынан үйден шықпауға шақырды, сондай-ақ көшеге шығуға мәжбүр болғандарға нұсқау берді.
Жаңалықтар
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты