Астанада бір топ еркек зорлаған Туретта синдромы бар жігіттің туыстары тергеу ісіне наразы
Фото: freepik.com
Астана тұрғыны 18 жастағы Туретта синдромы бар жігітті онлайн-ойында танысқан жаңа таныстары зорлағанын жақындары айтты. Жәбірленуші тарап тергеушілердің ісіне көңілі толмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жас жігіттің әпкесі Жанар (есімі өзгертілді) болған жағдайды егжей-тегжейіне дейін айтып берді.
Жігіттің жаңа танысы оған ішімдік ішкізген. Ал ішімдіктің ішінде психотроптық зат болуы мүмкін. Жігіт мас болған кезде ер адам оны зорлай бастаған. Ол кетуге ыңғай танытып, қарсылық білдіргенімен шамасы келмеген. Сараптама жігіттің зорланғанын дәлелдеді.
Әйелдің айтуынша, жас жігітті қорқытып, қайта қорлаған.
«Олар төртеу болып таңғы төртке дейін зорлаған. Содан кейін екеуі оны ұстап, әрі қарай қонақ үйге апарады. Қабылдау бөлімінде жігіт қашып үлгереді. Егер ол қашып кетпесе, олар оны зорлауды жалғастырар еді», — дейді әйел.
Жас жігіттің болған оқиғадан кейін психологиялық жағдайы күрт нашарлап, өзіне қол жұмсауға ұмтылған.
Әйелдің айтуынша, бірінші эпизодта бір жігіт қана күдікті деп танылған.
«Үшеуінің кім екені анықталды. Тіпті біреуі мойындады, екеуі жоққа шығарды. Бұл істе төртінші адам да бар. Барлығы еркіндікте жүр. Осы сараптамалардың барлығын ескере отырып, олар көптен бері қамалуы тиіс еді», — деді Жанар.
Астана қаласының полиция департаменті қылмыстық істің тергеліп жатқанын хабарлады. Алайда іс туралы толық ақпарат бермеді.
Айта кетейік, әкесін «ұрып өлтірген» ер адамға қатысты Түркістан облысының бас имамы мәлімдеме жасады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық