Астанада бір оқушы 7 жасар баланы аяусыз сабап, мұрнын сындырып ауруханаға түсірді
Фото: Бейнежазбадан кадр
Оқиға 3 маусым күні Астана қаласындағы Шалкөде көшесіндегі үйдің ауласында болды. Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, дәрігерлер баласына «мұрын сүйегі сынған» және «бетіндегі жұмсақ тіндерінің жыртылған» деген диагноз қойған. Қазір бала ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Әйелдің айтуынша, шабуылды 6-сынып оқушысы жасаған. Оқушы 7 жасар баланы аямай сабап тастаған. Анасы үйге келген сәтте баласының ес-түссіз, қансырап жатқанын көріп қатты шошыған.
«Үйге келгенімде, ұлым есін әрең біліп жатыр екен. Беті қанға боялған, қатты шошынған. Біз бірден ауруханаға бардық», — деді анасы.
Бұдан да сорақысы — оқиға болған сәтте соққыға жыққан баланың анасы куә болған, бірақ жедел жәрдем де, полиция да шақырмаған.
Зардап шеккен баланың анасы оның ешқандай көмек көрсетпегенін айтады.
Қазір отбасы қылмыстық іс қозғауды талап етіп жатыр. Бірақ олардың айтуынша, мемлекеттік органдар арызды қабылдамай, бір-біріне сілтеп отыр.
«Енді қайда барарымды да білмеймін. Бұл қиындықпен бетпе-бет жалғыз қалдық», — деді анасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық