Астанада бір күнде есірткі тасымалдады деген күдікпен бес адам ұсталды
Сурет. Ашық ақпарат көзінен
Астанада бірден бес адам есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсы.
«Бір күнде елордада есірткі сатумен және сақтаумен айналысқан бес азамат ұсталды» делінген сенбі күні таратқан хабарламада.
Осылайша, ақпаратқа сәйкес, «полицейлер елордада есірткі жеткізіп, сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойған».
«Топты ұйымдастырушы бұрын сотталған 37 жастағы ер адам. Пәтерді тінту кезінде одан сатуға дайындалған 8 келі оралған гашиш, электронды таразылар, сыдырма құлыптар және 450 мың теңге тәркіледі. Сонымен қатар есірткі заттарын сақтап, қаптап, сатумен айналысқан қылмыстық топтың тағы да басқа мүшелері ұсталды» делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары есірткі саудасына қатысы бар деген айып тағылған тағы екі адамның ұсталғанын хабарлады.
«Операция нәтижесінде полицейлер заңсыз айналымнан 23 келіге жуық, яғни 46 мыңнан астам бір реттік есірткіні тәркіледі. Қазіргі уақытта ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде» делінген полиция мәліметінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық