Астанада алимент төлемегені үшін көліктер тәркіленді
Фото: gov.kz
Астанада алимент бойынша берешегі бар борышкерлер анықталып жатыр - бірнеше адамның көліктері қамауға алынып, аукционға қойылды деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап Orda.kz.
Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың 4-5 наурызында Астана қаласы Әділет департаменті елордалық ПД жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, алимент өндіріп алу бойынша атқарушылық іс жүргізуде мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, «Борышкер» рейдтік іс-шараларын жүргізді. Қызметкерлер алимент бойынша берешегі бар борышкерлердің көліктерін анықтау шараларын жүргізді.
Нәтижесінде 857 160 теңге, 1 518 626 теңге, 2 483 773 теңге және 2 943 979 теңге қарызы бар борышкерлердің 4 автокөлігі қамауға алынды. Жеке сот орындаушылары аталған көліктерді бағалап, аукционға шығару жұмыстарын жүргізіп жатқаны баса айтылды.
Айта кетейік, биылғы жылдың ақпан айының соңында 15 мың қазақстандық алимент төлемегені үшін елден шыға алмай, 6 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Көбінесе қазақстандықтардың алимент төлемеуінің басты себебі – қызмет, жұмыстың немесе тыйым салуға болатын мүліктің болмауы.Төлемнен жалтарғандар сотта көбіне осындай сылтаулар айтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық