Астанада алданған құрылысшылар 10 жылдан бері ақшаларын ала алмай жүр
10 жыл бұрын салынған үйге тұрғындардың қоныстанғандарына біраз болса да, құрылысшылар еңбек ақысын әлі де ала алмай жүр. Құрылысшылар полицияға жүгінгенімен, онда олардың арыздары қабылданбады.
Елдің түкпір-түкпірінен жиналған жұрт ортақ мәселені шешу үшін Астанаға тағы да жиналды. 10 жыл бұрын олар бірігіп елордада зәулім үй тұрғызған. Жұмыс аяқталды, бірақ ақша түспеді. Сот шешімі де көмектеспеді: әзірлеушінің шоттары бос. Құрылысшылар тағы да әділдікке жетуге тырысты. Олар Ішкі істер министрінің атына ұжымдық арыз жазған. Бөлім Байқоңыр ауданының елордалық әкімшілігіне шағым жолдады. Ең қызығы сол жерде басталды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
– Бөлім бастығы, полиция майоры шықты. Көшеде ол бізге: «Жігіттер, біз қазір кіреміз, мен барлық тергеушілерді дайындап қойдым» деді. Бірақ ол бізді кіргізген кезде кеңсесіне әкелді. Біз кезекші прокурорды шақыруды талап еттік. Оның қатысуы заң бойынша міндеттелгенімен, арызды қабылдамады. Қылмыс құрамы жоқ деді,- дейді құрылысшылардың өкілі, заңгер Сембай Ысқақов.
Шағым, жұмысшылардың айтуынша, қараусыз қалған. Оның үстіне тәртіп сақшысы шындықты іздеу қымбатырақ екенін ашық айтты, дейді құқық қорғаушы.
– Жігіттер: «Біз БАҚ-қа хабарласамыз» деп едік, тергеу басшысы: «Өздеріңе жаман болады» деді. Алайда ол неге олай екенін түсіндірмеді. Жігіттер: «Неге жаман болады?» деп сұрады, бірақ тергеу жетекшісінен ешқандай түсініктеме болған жоқ,- дейді адвокат.
Алданған құрылысшылар өтініштерінің неліктен қабылданбағаны туралы ешқандай ресми хабарлама алмағанын алға тартады. Елордалық Полиция департаментіне «Астана» телеарнасының сауалы бойынша олар мұндай істермен айналыспаймыз деп қысқаша жауап берді.
– ҚР Азаматтық кодексінің 151-бабына сәйкес, бұл мәміле азаматтық сотқа берілген шағыммен жеке тәртіпте реттеледі. Ұсынылған шешіммен келіспеген жағдайда аудандық прокуратураға немесе сотқа шағымдануға болады,- деді полициядағылар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық