Астанада алаяқ салымшылардың 11 млрд теңгесін жымқырған
Еліміздің астанасында салымшылардың ақшасын, нақтылай айтқанда 11 млрд теңгені қалтаға басқан алаяққа қатысты үкім шықты. Оған алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкімді №2 Сарыарқа аудандық соты тұрғын үй құрылысы саласындағы алаяқтық фактісі бойынша шығарған. Үш жыл ішінде (2013-2016) арам пиғылды азамат серіктестерімен бірге 895 салымшыны алдаған. Залалдың жалпы сомасы 11 млрд теңгеден асты.
Сотталушы кінәсін мүлде мойындамады. Ер адамның үш жас баласы бар екенін ескере отырып, сот жеңіл жаза түріндегі шара қабылдаған.
«Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескере отырып, сот сотталған адамға құрылыста әкімшілік-өкімдік функцияларды орындауға байланысты қызметпен 5 жыл мерзімге айналысу құқығынан айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады» деп үкім шығарды сот.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық