Астанада Абай өмірінің соңғы күндері туралы фильмнің тұсауы кесілді
Елордада «Абайдың соңғы күндері» атты тарихи-деректі фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Фильм ұлы ойшылдың өмірінің соңғы 40 күні туралы баяндайды, ол туралы қазіргі көрермендер аз біледі.
Фильм «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген. Оның авторлары – жазушы-журналист Қанат Тілеухан мен әдебиеттанушы-публицист Бағашар Тұрсынбайұлы. Фильмнің режиссері – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бекзат Смадияр, продюсері – ақын Серік Қалиев.
— Ойшыл өмірінің бір ғана кезеңін көрсеттік. 1904 жылы Абайдың сүйегі Балашақпақ жайлауынан оралды. Уәсил Мағауияқызының айтуынша, Абайдың өмірі Балашақпақ маңындағы Қырықошақ деген жерде үзілген. Фильмде ақын өмірінің соңғы 40 күні қамтылған. Ақынның қайғылы оқиғаға дейінгі өмірі бейнеленді. Абайды бәрі де ұлы данышпан ретінде біледі,бірақ бәрінен бұрын ол адам еді. Абай ұлдары Оспан мен Әбіштен айырылып, қайғыдан қан жұтты. Бірақ ол кезде тірегі, үміті болған Мағауия тірі еді. Алайда, бұл дерт Мағашты да аямады. Бұл ақын өміріндегі ең ауыр соққы болды Көрермендер ұлы Абайды жаңа қырынан таниды деп сенеміз, – дейді фильм авторы Қанат Тілеухан.
Түсірілімге ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығының маңызды кезеңдерінің нағыз білгірлері деуге тұрарлық бірегей тұлғалар қатысты. Олардың қатарында Абайдың шәкірті Уәйіс Шондыбайұлының немере інісі Нәстілек Сәменбетов, атақты Бекен Исабаевтың ұлы, шежіреші Шажан Исабаев; Тәңірберді Құнанбайұлының ұрпағы Құсман Берлешов , Манатай Балтақайұлы – Ырғызбайдың ұрпағы Манатай Балтақайұлы бар.
— Абайдың соңғы күндері» – «Хабар» агенттігінің жаңа телемаусымдағы бірегей жобаларының бірі. Журналист, жазушы Қанат Тілеуханның жаңадан тұсауын кескен фильмі қазақ халқының нағыз мұрасы саналатын Абай тұлғасына мүлде жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Фильм кейіпкерлерінің естеліктері, маңызды тарихи деректер мен сол қасіретті күндердің жай-жапсары көрерменді көп ойға жетелейді, – дейді «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли.
Фильм «Хабар» телеарнасында Республика күні қарсаңында көрсетіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық