Астанада 700 тонна қоқыс төккен кәсіпкерге айыппұл салынды
Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлері аумақты шолу кезінде қоқысқа толы КамАЗ көлігін байқап қалған. Көлік қоқысты түсіру үшін бос жер іздеп жүрген.

Қолданылған құрылыс материалдарын рұқсат етілмеген аумаққа төгу фактісі тіркеліп, табиғатты қорғау полициясына тапсырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

Көлікке иелік еткен ұйым анықталып, жауапкершілікке тартылды. Тәртіп бұзушы 30 ауыр жүк көлігін жалдау шығынын өзі төледі. Олар 700 тонна өздігінен қоқыс төгетін жерді жауып, оны арнайы полигонға шығарды. Сонымен қатар, кәсіпкерге әкімшілік айыппұл төлеуге тура келеді.
«Нұра ауданында қоқыс жиналатын негізгі 8 нүкте анықталды. Біз бұл мекенжайларды тұрақты түрде бақылап отырамыз. Жүйелі жұмыстың арқасында қаланы ластап жатқан жосықсыз кәсіпкерлер табылды. Мысалы, бір күн бұрын олар осы жерлерді аралап, жұмыс көлемін бағалаған. Дәл осы «қоқыс аралы» ол кезде болмаған, яғни бұл бір түнде пайда болған. Бұл бағыттағы тексеру жұмыстарын жалғастыратын боламыз», – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Руслан Оралов.

Айта кету керек, Астанада құрылыс және басқа да ірі көлемдегі қалдықтарды өңдеуге шығаруға болатын 2 рұқсат етілген полигон бар. Қоқыстарды басқа аумақтарға төгу заң бойынша жазаланады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық