Астанада 5 адам қаза болған жатақханадағы өртке қатысты сот үкімі шықты
Фото: ҚР ТЖМ
Астанада 3 кәмелетке толмаған бала мен 2 ересек адам қаза болған жатақханадағы өртке қатысты сот үкімі шықты. Сараптама нәтижелері бойынша жәбірленушілердің өлімі көміртегі тотығымен уланудан болғаны анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл іске қатысты ҚР ТЖМ Анықтау басқармасының ведомстволық бақылауымен Астана қаласы ТЖД анықтаушылары тергеу жүргізді.
Алдын ала мәлімет бойынша, жатақханадағы бөлмелер жалдау шарттары мен басқа құжаттарды жасамастан жалға берілген. Жатақхана иесі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды елемеген.
«Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қылмыстық істі қарау нәтижесінде сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып 5 жылға бас бостандығынан айыру, коммерциялық және басқа да мекемелерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша басқару функцияларын атқаруға 3 жылға тыйым салу жазасы тағайындалды» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық