Астанада 18 млн доллар айналымы бар Sax Invest қаржы пирамидасы құрықталды
Фото: Envanto
Астанада 18 млн доллар айналымы бар Sax Invest қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, компания 3000-нан астам салымшыдан қаражат тартып, ай сайын 2-3% дивиденд және Анголадағы алмаз өндірісіне инвестиция уәде еткен. Алайда, пайыздық төлемдер жаңа қатысушылардың ақшасымен төленіп, барлық қаражат ұйымдастырушылардың жеке карталарына аударылып отырған.
«Компанияға кіру, шақыру сілтемелері арқылы жүзеге асқан. Бонустар жаңа салымшыларды тарту арқылы көбейіп, оларды компанияның ішкі жүйесінде басқа адамға аудару арқылы қолма-қол ақшаға айналдыруға болатыны айтылған. Барлық салымшылардың қаражаты компанияның есепшотына емес, ұйымдастырушылардың жеке банктік шоттарына аударылған. 2018 жылдың қаңтарынан 2022 жылға дейін 3000-нан астам адам тартылып, айналымы 18 млн доллар болды» делінген хабарламада.
Қазіргі таңда, ұйымдастырушылардың бірі қамауға алынып,тергеу жұмыстары жалғасуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық