«Астанада 14 жастағы оқушының өлімі»: Қыздың туыстары полицияны әрекетсіздігіне наразы
Фото: Orda.kz
11 қыркүйекте Астананың оң жағалауында табылған 14 жастағы қыздың мәйітіне байланысты тың деректер шықты. Марқұмның туыстары полицейлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұмның әпкесі Карина Александрюктің айтуынша, полиция істі қозғап алып, ары қарай әрекетсіз отыр.
«10 қыркүйекте менің отбасымда үлкен қайғы болды. Сіңілім қайтыс болды. Оның денесі қараусыз қалған ғимараттан табылды. Бірінші күннен бастап Байқоңыр аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мені және отбасымды сіңілімнің денесінде ешқандай жарақат пен зорлық-зомбылық белгілері жоқ деп сендіріп келеді. Іске немқұрайлы қарап, бұл небары қайғыл оқиға деп, қолдарын бір сілтеп отыр», -дейді Карина Александрюк.
Әпкесі оның денесінен гематомалар мен аяқ-қолдарының көгерген жерлерін және ашық жараларды көргендігін айтты. Сонымен қатар, оның айтуынша бұл жағдайға қатысты әлі сұралмаған куәлар мен адамдар бар.
«Менің отбасым қазір өте қиын жағдайда, анам үйден шықпайды, тамақ ішпейді, су ішпейді, ұйықтамайды. Мен полицияның әрекетсіздігіне қатысты көмек сұрағым келеді. Сондай-ақ, басқа балалар үшін де алаңдаймын. Бұл істі соңына дейін жеткізуді сұраймын, қылмысты тек қайғылы оқиға деп жылы жауып қойюға жол бермейік», — деп қосты ол.
Полиция бұл оқиғаға қатысты алдын ала деректерге сәйкес, өлімнің себебі жүрек тоқтауы болғандығын айтты.
«Денені тексеру кезінде көзге көрінетін жарақаттар табылған жоқ. Өлімнің себебі қазіргі уақытта анықталуда, қылмыстық іс қозғалды», деп мәлімдеді полиция.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық